Соңғы кітап

Жазғаныңды жинақтап баспаға беру оңай шаруа емес. Осы кітапты шығару үшін өз басым аз тер төккен жоқпын. Ақыры сәті түсіп, жабыла жүріп баспадан шығардық-ау.
Бұл кітаптың авторы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Нағима Торманова еді. Қазір ортамызда Нағима жоқ, қайтыс болғанына биыл төрт жыл. Өзі осы кітапқа бар күшін салып, жарыққа шығармаққа жүргенде қайран уақыт жетпей қалды. Ол қайтқаннан кейін ізін суытпай аталған кітапқа өз басым көңіл бөлдім. Тірі кезінде екеуміз ақылдасып шығармақшы болғанбыз. Мен Алматыдамын, қолжазба Жосалыда үлкен сандықта құлыпта жатты. Ағамыз Теңізбайдың Нағима қайтқан соң бірде онда, бірде мұнда болып, кітапқа қолы жетпеді. Төрт жыл дегенде Теңізбайдын кіші баласы Бекберген Астанадағы үйіме, мамыр айында қолжазбаны маған әкеліп тапсырды. Сонымен не керек, сәті түсіп ағамыздын қолдауымен кітапты Қызылорда қаласында басып шығардық.
Нағиманы мендей ешкім біле бермейді. Ол кісімен сөйлескенде, не сұқбаттасқанда бірауыз артық сөз айтпай, асықпай жауап беретін. Қырық жылға жуық ауданда кітапханашы-библиограф болып қызмет етті. Бұл қызметін атқара жүріп бірнеше өлеңдер жинағын шығарып та үлгірді. Алғашқы еңбегі «Дариға дәурен» 1998 жылы, «Иіркөлім – інжуім» 2001 жылы, «Құба белі» 2009 жылы жарық көрсе, ізін суытпай 2010 жылы баспадан «Ақ бесігім», ал 2012 жылы «Жанымның жаз жайлауы» оқырманның ризашылығына бөленді. Нағиманың өлеңдерімен қатар әңгіме, мақалалары да баспасөзде жиі жарық көріп жататын. «Жалын», «Жұлдыз» журналдарымен қатар республикалық, облыстық, аудандық газеттерде мақалалары кез келген тақырыпта шығатын. Өзі аудандық газеттің штаттан тыс тілшісі болды. Нағиманы ақындыққа баулып тәрбиелеген ұстазы, белгілі ақын Қали Шыңғысов еді. Әйгілі академик ақын Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Зейнолла Шүкіров ағаларынан ақыл-кеңес, бата алған да осы Нағима еді. Өлеңді бар жан-тәнімен сыр шерте жазатын. Туған күн, жиын отырыста отыра қалып, қолына қаламын алып екі-үш шумақ өлең жолын сызып тастайтын. Қызметі кітапханашы болған соң онымен кез келген тақырыпта әңгімелесе береміз. Оның осы қасиетін біреу білсе, біреу білмейтін. Нағима Иіркөл ауылының тумасы. №26 орта мектепті Жосалыдан бітіріп, сол жылы ҚазҰУ-ге түсе алмай қалғанын «өз өмірбаянында» өкінішпен жазыпты. Еңбек жолын аудандық кітапханадан бастағаны, Қызылорда қаласында шағын кітапханашы курсын оқып алғаны белгілі. Өз басым Нағиманы алғаш рет 1967 жылы аудандық партия ұйымының кітапханасында кездестірген едім. Ол кезде мен сол ұжымда комсолмол комитетінде қызметте болатынмын. Кейін екі жылдан соң біз Алматыға оқуға түсіп кеттік. Ол да Алматыдағы Қыздар мемлекеттік институтының «кітапханашы» бөліміне сырттай түсті. Сессияға келген сайын кітап толы шемоданымен пойыздан күтіп алып, сол шемоданымен қайта шығарып салатынмын. Нағима өзі аңғал болатын-ды. Бірде үйге қуанып келіп, Жосалыға билет алғанын айтты. Бірақ билет құны неге қымбат деп сұрасам, білмеді. Қолыма алып қарасам «Алматы-Қазақстан» деп жазылыпты. «Қазақстан» – Орал облысындағы станса, ол кезде «Алма-Ата-Москва» жүйрік пойызы «Қазақстан» деп аталатын. Сонымен не керек дереу вокзалға жүгіріп билетті ауыстырып «Алматы-Жосалы» деп әкеліп бергенім бар.
Нағима мен ағам Теңізбай екеуі отау тіккенде мен Алматыдан арнайы келіп үйлену тойын өткізіп қайтқанмын. Отбасы ұлғайды, екі ұлы мен екі қызынан 13 немересі, бір шөбересі бар. Нағиманың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. 1983 жылы «Еңбек ардагері» меделін иеленсе, 2010 жылы Қармақшы ауданының 80 жылдығына орай мерекелік төсбелгісімен марапатталған-ды. Міне 2019 жылдың тамызында баспадан Нағима Торманованың «Жылдар, жылдар ...» атты соңғы кітабы жарық көрді. Өмірлік жары – менің ағам Теңізбай мен балалары аяулы аналары мен сүйікті жарының соңғы аманатын орындады.

Асқар ТОМАНОВ
09 қазан 2019 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031