» » » Қағида – қазақы қалыптан айнымау

Қағида – қазақы қалыптан айнымау

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды "Халықаралық қарттар күні" – деп белгілеуіне байланысты жыл сайын осы күн дәстүрлі мереке ретінде аталып келеді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету бұдан бұрын да ұлтымыздың бұлжымас дәстүрі болғаны анық. Тарихқа қарап отырсақ, ел басына күн туғанда, небір қилы заманда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалуда ынтымақ пен бірліктің алтын діңгегі болатын елдің ақсақалдарына, ел сөзін ұстаған, көпті көрген тәжірибелі ел ағаларына үлкен сенім артқанын байқаймыз.
Ел аузындағы: "Қарты бар үйдің қазынасы бар" дегендей ақсақалдарымыз бен ел ағаларының төңірегіне топтасқан халқымыз үнемі ауызбіршілікте, татулықта болып талай асу мен белестен асып келе жатқанының куәсіміз.
Ел Президентінің биылғы жылғы "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы халыққа Жолдауындағы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы бойынша белсенді азаматтың қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру керегін ерекше атап көрсеткен болатын. Осының негізінде ардагерлер ұйымдарына да зор жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Қоғамдағы қордаланған әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға, елді толғандыратын кейбір келеңсіз жайттың алдын алуға, әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасылар мен топтарға көмек көрсету мен ардагерлерге медициналық сауықтыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудандық ардагерлер кеңесі түрлі форматта басқосулар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізіп, өз нәтижесін беруде.
Дегенмен қазіргі космостық жылдамдықпен өзгеріп жатқан уақытта ардагерлерге де нар көтере алмас жауапкершілік жүктеліп отырғанын сезінуге тиіспіз. Иә, үлкендік жолы ауыр, жауапкершілігі салмақты. Қиыншылық туа қалса ел әуелі ерге қарайды, ал ер қысылса елдің жасы үлкен ақсақалына қарайды.
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық құндылығымыз бен бет-бейнемізді сақтап қалу, аталар жолынан адаспай, қазақи қалпымыздан айнымау және "Бетеге кетсе бел қалар, билер кетсе ел қалар, берекең кетсе нең қалар" – дегендей, бейберекеттік пен алауыздықтың алдын алып, елді береке-бірлікке, ортақ тірлікке жұмылдыру аға буынның өмірлік маңызды міндеті.
Бабаларымыз асар, аттан, Алаш, алас деген төрт ұран арқылы халықты татулыққа, батырлыққа, патриоттыққа, қазақи дәстүрді, қазақи тәрбие мен тәртіпті қалыптастырған жоқ па?!
"Ел боламын десең бесігіңді, сонымен бірге терезең мен есігіңді түзе" дегендей тәрбиенің негізі ең алдымен отбасынан бастау алатыны анық. Отбасының ұлттық бай тәрбиесін бойына сіңіріп, ата-баба дәстүріне адал, отансүйгіш, елжанды болып өсуі, әлемнің озық ғылымын, білімін, тиімді тәжірибелерін үйрету, меңгеру, өскелең ұрпақтың басты ұстанымы болуы тиіс. 2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялануы бекер емес. Олай болса өмірлік бай тәжірибесі, көргені мен көңілге түйгенін, ақыл-парасатын жастар тәрбиесіне арнау, оларға қолдау көрсету – әрбір ардагердің абыройлы парызы болмақ.


Сұлтанбек МЫРЗАБАЙ,
ардагер-ұстаз
03 қазан 2019 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031