» » » ЕРЛІКТІ ЕСЕЛЕГЕН ҚҰЖАТ

ЕРЛІКТІ ЕСЕЛЕГЕН ҚҰЖАТ

«Ер есімі – ел есінде» дегендей, туған халқының болашағы үшін бар саналы өмірін арнап, төрінен көрінгендер ауданда жетерлік. Кеңес Одағы жылдарында Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі бейбіт жылдарда қазақ даласында еңбек еткен малшыдан бастап ұстаз бен дәрігер, жұмысшы мен билікте лауазымды қызмет еткендер де Үкіметтің түрлі орден-медаліне ие болды.
Бірақ кейбір жағдайларда осындай марапаттар иесін өздері өмірден өткен соң тауып жатады.
Сондай атпал азаматтың бірі – саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ел құрметіне бөленген «1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанған, 1961 жылы 49 жасында өмірден озған Жолмахан Кенжалиев.
Жуырда оның қызы Күлән Жолмаханқызы редакцияға хабарласып, әкесінің облыстық ар­хивтен 1947 жылы «За трудовую доблесть» медалімен марапаттау қағазы табылғанын айтты.
Расында да, біз Күлән апай әкел­ген осы уақытқа дейін об­лыстық архивте сақталған құнды құжатты парақтап отырып, Чапаев атындағы жетіжылдық мек­тепте директордың орынбасары қызметін атқарған Жол­махан ағамыздың марапаттау құжатында ҚазКСР Ағарту ми­нистрі мен кадр бөлімі бастығының қолы қойылғанын көрдік. Аталмыш награданың жақын арада шынайы иесінің омырауына тағылмаса да оның ұрпағына табысталатынына біз де қуандық.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
12 қыркүйек 2019 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031