» » » Ел бақыты – ер қолында

Ел бақыты – ер қолында

Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ-нің аудандық филиалында Ұлттық архив қорын толықтыру мақсатында 2012 жылы еңбек ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Әбдірай Бөрібаевтың жеке құжаттары, сол секілді қор иесінің суреттері, марапаттары, басылымдағы мақалалары қабылданған. Әбдірай Бөрібайұлы 1939 жылы 16 ақпанда Қармақшы ауданына қарасты «Бозарқаш» (қазіргі Ақтөбе ауылы) ұжшарында дүниеге келген. ЛКСМК-ның 25 жылдығы атындағы орта мектебін бітіріп, Чапаев атындағы ұжшарда колхозшы болып еңбек жолын бастаған. Ұжшар басқармасының жол­­дамасымен Шымкент қаласындағы кеңшар-ұжшар үшін бухгалтер дайындайтын 1,5 жылдық оқуды бітірген соң әскер қатарына шақырылған. 1960 жылы әскерден кейін комсомолдың жолдамасымен Қазақстан магниткасы Теміртау қаласындағы «Деменстрой» құрылыс бас­қар­масында магниткалық екінші Далша кенінің құрылысын салуға жіберілген. 1961 жылы еліне оралып жос­парлаушы-экономист, бас бухгалтер, аудандық кеңес депутатына сайланып жоспарлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, осы атқару комитетінің мүшесі болып бекітілген. 1977 жылдан бас­тап Ақжар кеңшарының партия комитетінің хатшысы, аудандық ауыл шаруашылық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы болып сайланған. 1994 жылы зейнеткерлікке шығып, нарықтық реформаға сай «Бесас­пап» ЖШС құрған. Облыстағы алғашқы құрылымдардың бірі болып қыстақ тұрғындарын күріш, бидай өңдеу, жем дайындау, көмір басқа да материалдық ресурстармен қамтумен айналысты. Осындай елеулі еңбектерінің арқасында «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Лениннің туғанына 100 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы», «Қармақшы ауданының 80 жылдық» мерекелік медальдарымен марапатталған. 1994 жылы «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Ол 9 баланың әкесі, 22 немере, 15 шөбере тәрбиелеген қамқор ата. Әбдірай Бөрібайұлының парасаты, адамгершілік қасиеті биік тұлға. Болмысы бөлек азамат ұзақ жылдар бойы аудандық ауыл шаруашылық, партия, кеңес органдары саласында еңбек еткен.
– Тұлғасы биік, оқ бойы озық қатардан,
Білімі терең азамат жастай атанған.
Орны бөлек, еңбегі ерен ерекше,
Майталман аға жақсыдан игі бата алған, – деп ақын Ордабек Өткелбай жырлағандай, Әбдірай Бөрібайұлы сынды аға ұрпақ өкілін құрметтеу жас ұрпақтың міндеті.
Маржан НЫСАНБАЕВА,
«Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архивисі
03 қыркүйек 2019 ж. 4 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031