» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болып қызмет еткен Қырымбек Көшербаев бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Қуанышбек Ысқақов

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын - инженер-құрылысшы, Қызылорда политехникалық институтын - бухгалтер-экономист, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында 1-ші разрядты станокшы ретінде бастаған.
1993-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары қызметтерін атқарған.
2003-2011 жылдары - Батыс-Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы,
2011-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.                       
2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы  лауазымында болған.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

BAQ.KZ


29 маусым 2019 ж. 2 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930