» » » Жыр жақұты – жыраулық өнер

Жыр жақұты – жыраулық өнер

Көп алдына қолына домбыра ұстап шығып, өсиет, нақыл, ақыл сөзді түйдектете төгіп, ара-арасында келесі ойды қозғап, жырды сабақтар тұста көмейдегі керемет үнді жыр сазымен үйлестіре биіктете шырқай қайыру үрдісіне қарап «бәрекелді», «жырау болғаныңа» деп сүйсініс көрсетеміз. Оған қоса «Әу»-де, «жаса» деген секілді сөздермен айтушының делебесін қоздырып, шабытын шақыратын дағдымыз тағы бар.
«Жүз жыраудың Отаны» атанған біздің елде осы өнерді ардақ тұтатын халық пен өнер иелері дәстүр жал­ғастығының куәсіндей ғұмыр кешуде.
Бүгінде ауданда жыраулық дәс­түрдің келешек ұрпаққа үйретуде «Жы­раулар үйі» жұмыс істейді. 2006 жылы белгілі жырау Көшеней Рүстембектовтің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында алғаш рет аудандық «Жыраулар үйі» ашылып, ғимараттың алдына Көшенейдің ескерткіші қойылды. Сонымен бірге оның өмірі мен жыраулық өнер жолындағы ізденісіне арналған «Жұлдыз боп аққан жыр ғұмыр» атты кітабы жарыққа шықты. Жыраулар үйіне Көшенейдің атын беру де тегін емес.
– Ол өмір сүрген ХХ ғасырдың 60-жылдарының аяғында бұл кез жыраулық өнерді ескінің сарқыншағы, көнерген өнер есебінде қарау бе­лең алған. Мәденет пен өнердегі, әдебиеттегі оның орны жетім баладай күй кешіп, есіктен сығалап ене алмай, енсе де төрге оза алмай тұсалған шақ еді. Тіпті қазақтың қара домбырасын гитараға айырбастап, батыстың шу­лы да дулы айқай әуеніне еліктеуші өнерпаздар өрген тұста Көшенейдің әкесі Рүстембектің, атасы Жиенбайдың аруақты ақ домбырасын қолына алып қатқан сеңді бұза жара телегей теңіз кешуі ерлікпен бара-бар болатын, – дейді айтушылар.
К.Рүстембекұлы атындағы ау­дан­дық «Жыраулар үйі» болып ашылған соң «бұл қалай» деп талайлар таңырқай қараған еді. Япыр-ау, «Жыраулар үйі» деген басқа ауданда да, облыста да, тіпті республикада жоқ. Қармақшыда қалай ашылған деген секілді ой болды. Кезінде кішкене ғана Бағдат қаласында «Даналар үйі» деген үй болмап па еді?! Өйткені бұл қалада ғылымға, өнерге, мәдениетке қамқор әмірешілер болған. Нәтижесінде оқу-білім, ғылым өркендеп, оны іздегендер әлемнің төрт бұрышынан осы қалаға ағылған. Сөйтіп «Даналар үйін» ашты.
Міне, біздегі «Жыраулар үйі» де солай. Жыраулық өнерді дәріптеп, бір жерге шоғырландырып, ұрпақ жалғастығын сақтап келеді. Сонымен бірге талай жыр-дүлдүлдерін жы­раулық дәстүрге баулып, үлкен сахнаға шығарып жүр.
Ерсін Тоқтаров,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми
қызметкері


26 тамыз 2019 ж. 1 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031