» » » Қаламына қанат біткен...

Қаламына қанат біткен...

Жақында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ақмылтық журналист, көсемсөз жорғасы, аудармашы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Баспасөз қызметінің басшысы болған Шәкизада Ізтілеуұлының 70 жылдығына арналған «Қаламына қанат біткен...» атты еске алу кеші өтті. Шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов алғы сөз алып, ықылас гүлін ұсынды.
 – Жүз жырауы жыр дестелеген қасиетті өңірдің дара ұрпақтары –талантын танып, табына білген, бүгінгідей бақыт таңға куә еткен, белес биігін бағындырған аға ұрпақ алдында әрқашан бас иеді. Осындай биік тұлғалардың бірі – Шәкизада Құттаяқовтың қызметіндегі барлық жетістігі туған жерге, туған елге арналды, – деді ол.
Одан соң сөз кезегі Мемлекет және қоғам қайраткері, ауданның құрметті азаматы Бақберген Досмамбетов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Әбдірахмановқа берілді. Сондай-ақ достары қайта келмес студенттік шақтың естелігімен бөлісті. Одан соң «Сәлиманың көктемі» атты кітап қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шакизада Әбдікәрімовтің бастамасымен қайта өңделіп, қалың оқырманға жол тартты.
– Шәкең Алматыда қайтса да, Сыр бойына осы киелі Қармақшыда – күллі түркі жұртының абызы Қорқыт баба зиратына жерленді. Топырақ кіндік қаны тамған жерден бұйырды. Отыз жыл Алатау – Арқа, бүкіл қазақ даласын шарлап, бір кезде белгісіз бала болып арманға аттанған туған жеріне ел таныған азамат болып оралды. Бүгінгі оқырманға жол тартқалы отырған кітапта журналистің өмір жолы өрнектеліп, түрлі тақырыпта қалам тербеген мақалалары бетке түсті, – деді Ш.Әбдікәрімов.
Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен әрленді. Иә, «Үлкеннен үлгі алған кіші адаспас». Аға ұрпақ салған ұлы соқпақ кейінгіге үлкен өмір мектебі бола бермек.
Айнұр ӘЛИ
21 тамыз 2019 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930