» » ОРАЙЫ ТУҒАН БАСТАМА

ОРАЙЫ ТУҒАН БАСТАМА

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туған жердің түлеуіне серпін беру­де. Оның ішінде қасиетті Қармақшы өңірінің төл пер­зенттері  де туған жерге деген махаббатын терең­детіп, сүйіспеншілігін еселеуде өзгеден қалыс қал­мауда. Игі бастама «Туған жер» бағдарламасы арқы­лы іске асуда.
Осыдан 2 жыл бұрын ерекше балаларға арналған «Дәметкен» ин­клюзивті мәдени-сауықтыру орталы­ғының құрылысы басталды. Оның салынуына қасиетті мекеннен алыс жүрсе де оған ешбір құрметі үзілмеген «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Зарқұм Бекжанов себепкер болған еді.     
Ол Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры болса,  зайыбы Дина Базаралықызы Қазақ Ұлттық медициналық уни­верситетінің бала аурулары ка­фе­драсының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, Қа­зақ­стан Республикасының «Алтын дәрігер» белгісінің иесі.
Айта кетерлігі, З.Сартайұлының өз қаражатына салып жатқан «Дәметкен» инклюзивті  мәдени-сауықтыру орталығы тегін меди­циналық көмек көрсетеді. Айтулы жандардың айтуынша, олар үшін бала денсаулығы қашан да бірінші кезекте. Әрбір баланың риясыз күлкісін есту – үлкен бақыт. Балаларды қорғау күніне орай орталықта мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов кішкентай бүлдіршіндерге бақытты балалық тілеп, тұр­ғындарды мерейлі мерекемен құт­тықтады. Мұнан соң  Диірментөбе с­тансасының төл перзенті, «Болашақ» университетінің ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов, Қазақ коммуникация университетінің мәртебелі профессоры, КСРО «Білім беру ісінің үздігі», инклюзивті мәдени-сауықтыру орта­лығының негізін қалаушы Зарқұм Бекжанов және оның жары Дина Исмаиловалар сөз сөйлеп, балаларға игі тілегін білдірді.
Мерекеде кент тұрғыны Қалдыгүл Жолтаеваның немересі Алдаберген Ернардың тұсауы кесілсе, 1 жасқа дейінгі сәбилердің еңбектеуден жарысы өтті. Барлық қатысушы балалар мен бүлдіршіндерге орталық тарапынан сый-сияпат тапсырылды. 
– 2017 жылы орталық жұмысын қолға алдық. Міне, мұның да құрылысы аяқталып, мәресіне жетуде. Әрбір азаматтың өз туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі һәм құрметі болады. Біздің де көздеген мақсатымыз осы. Орталық – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер»  бағдарламасы негізінде дүниеге келіп отыр. Осы жерден мәртебелі балаларымыз жақсы денсаулық алып, ертеңгі күні айтулы азамат болып өсеріне сенеміз. Олардың арасынан талай ғалым, ақын, жазушы, суретші, дананың шығарына сенім мол. Сәбилердің жүзінен күлкі кетпесін, – дейді Зарқұм Сартайұлы. 
Салтанатта «Арда» би тобының өнері тамашаланса, Аида Шауқанбаева өз шығармасынан өлең оқыды. Қабілет Әбдірайымов, Раяна Несіпбек әннен шашу шашты.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
05 маусым 2019 ж. 1 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031