» » КІСІЛІКТІҢ КЕЛБЕТІ- ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

КІСІЛІКТІҢ КЕЛБЕТІ- ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Аудан орталығында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Дәметкен» мейірімді мәдени-сауықтыру орталығы ашылмақ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғалы еліміз рухани қайта жаңғыруда, жаңаруда, оңды өзгерістерге жол ашылуда. Соның бір қыры – «Туған жерге тағзым» бағдарламасы. Киелі мекеннен жырақта жүріп, өзге өңірде қызмет жасап жүрген бірқатар тұғырлы тұлғаларымыз туған жерге маңдай тіреп, мәдени-рухани, әлеуметтік өсуіне септігін тигізуде
Орталықтың ашылуын қолға алған «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Зарқұм Сартайұлы Бекжанов 1938 жылы Қармақшы ауданына қарасты Диірментөбе стансасында өмірге келген. Ол – Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры. Зайыбы Дина Базаралықызы Исмайлова 1951 жылы Семей облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық медициналық университетінің бала аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР «Алтын дәрігер» белгісінің иегері.
Инклюзия – мүмкіндігі шектеулі балалардың өз күшіне деген сенімін арттыру арқылы басқа балалармен қарым-қатынас жасауы.Мейірімді орталықтың басты нысаны да осы. Мұнда балаларға арналған емдік дене шынықтыру, арт-терапия, еңбекке баулу, сурет салу, компьютерге үйрету үйірмелері, сондай-ақ логопед-дефектолог пен психолог кабинетін ашу жоспарда бар. Тұғырлы тұлғаларымыздың өз қаражатынан салынғалы отырған «Дәметкен» мейірімді-сауықтыру балалар орталығы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді.
Игі іс 5-тамыз күні «Жастар саябағында» басталмақ. Сенбілікке кент тұрғындары қажетті құрал-саймандарымен келіп ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Ынтымақ пен бірлік болса – өңіріміз де көркейіп, гүлденбек.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 тамыз 2018 ж. 2 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031