» » » ЖЫРАУЛАР ҮЙІНДЕ ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕДІ

ЖЫРАУЛАР ҮЙІНДЕ ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕДІ

Ғасырдан-ғасырға атадан балаға мирас болып келе жатқан жыраулық өнер Сыр елінде гүлденіп-көркеюде. Соның бір парасы – еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында даңғайыр жырау ұрпағы Көшеней Рүстембекұлының 60 жылдық  мерейтойы өтіп,  оныңқысқа  ғұмырында артына қалдырған мәдени мұрасын туған  халқы мен өнер сүйер қауымға, сонымен қатар кейінгі жас ұрпаққа  табыстау мақсатында 2006 жылы Сыр өңірі тарихында
Бүгінде жыраулар үйінде 18 қызметкер жұмыс істеп, шәкірттерді дәстүрлі өнерге баулуда. Оған  қарасты 6 үйірме сыныбына 100 бала тартылған. Үйірме – мемлекеттік «Мәдени мұра» және Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемле­кеттік бағдарламасышеңберінде жұмыс жүргізеді. Жосалы кентіндегі 3 үйірмеге қоса, Тұрмағамбет, Ақжар ауылында 3 үйірме бар.Атап айтқанда, «Көшеней  жырау» үйірмесіне Әйгерім Ешбаева, «Тасберген жырау» үйірмесіне Алмат Азаматов, «Жиенбай жырау» үйірмесіне Дінислам Тоқсанбаев, «Рүстембек жырау» үйірмесіне  Балтабай Бедебаев жетекшілік етсе, «Базар  жырау» үйірмесіне Берік Аққалиев, сол секілді «Қорқыт» қобыз үйірмесіне Зияда Жаңабергенова жетекшілік жасап, балаларға ұлттық өнердің сан сырын мең­гертуде.
Сыр елінде жыр күмбезін тіккен жыраулар үйінің соңғы 6 айдағы жетістігіне тоқталсақ, аталған кәсіпорында 22 мә­дени-көпшілік шара өткен. Оның 3-еуі облыстық және 19-ы аудандық дең­гей­де ұйымдастырылған. Атап айт­қанда, «Nur Otan» партиясының 20 жыл­дығына арналған «Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс» жобасы аясында «Сыр елім менің – жыр елім» атты аудандық жас жыршы-термешілер фестивалі өтсе, Елбасы  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» базалық жобасын жүзеге асыру мақсатындағы «Жыр керуені» жобасы бойынша Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы ауылдық клуб үйінде «Рүстембек жырау» үйірмесінің ұйытқы болуымен  ақын Запа Дәулетбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Зерделі сөздің зергері» атты аудандық  жыр кеші шымылдығын түрді. Оған танымал жыраулар  Бидас Рүстембеков, Серік Жақсығұлов пен үйірме жетекшілеріқатысты.  Үйірме  оқушылары Запа Дәулетбаевтың жырларын жатқа оқыса, осы үйірменің  түлегі Фариза Хасенова мен Динара Шоңбаева жырдан шашу шашты. Кеш  соңымайталман  Бидас жыраудың шеберлік сағатына ұласты.
Қ.Бүрлібаев атындағы Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде «Тасберген жырау» үйірмесінің ұйымдастыруымен Елба­сының «Ұлы  даланың  жетіқыры» атты мақаласындағы «Далафольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасымен «Ұлы даланың көне сарындары» атты дөңгелек үстел өтті. Жасұрпақты жарқын болашаққа жетелеп, ұлттық рухымызды көтерер мақаланың келер ұрпақ үшін маңызы зор болмақ. Отырыста қазақтың қобыз, домбыра және басқа да дәстүрлі музыкалық аспабымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасы – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруға   ұсыныс берілді. Сол секілді Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай еліміздің абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлер мен үйірме шәкірттерінің «Ауғанның отты жалыны» атты кездесуі патриоттық тәрбиені паш еткендей. Жыраулық пен ақындық өнерді бойына сіңірген, халқымыздың жыраулық өнерінің шоғырланған ортасы – «Жүз жыраудың Ота­ны» атанған киелі өлкеде ақын-шежіреші Запа Дәулетбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жағасы  жыр – сұлу сыр» тақырыбында аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылған-ды. Онда №29 мектептің директоры Зарипа Тасымова ақынның ұрпағы Уасиланың Запа ағамызға арнаған жырын оқыса, қазылар алқасының шешімімен Тұрар Бекмұрзаев бас жүлдемен марапатталды. Сол секілді жас ақын Гүлдана Есмаханова І орынды, №28 мектептің оқушысы Абылай Өтеш ІІ орынды, №250 мектеп-лицейдің мұғалімі Абылай Шаймерденұлы ІІІ орынды иеленді. Ал «Тұрмағамбет» ЖШС есепшісі Аслан Бермановқа «Қара өлеңнің құлагері», №121 мектептің оқушысы Еркебұлан Серіковке «Көркем жырдың шебері» номинациясы тапсырылды.
Көп көңілінен шыққан шараның бірі – Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық қыз-келіншектердің жыр фестивалі. Халқы­мыздың төл мұрасы –  жыраулық, терме­шілік өнерді ұрпақ санасына сіңіріп, оның сиқырлы мақам сазын өнер сүйер қауымға жеткізу. Фестиваль аясында Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Зәуре Кәрібаева, Әйгерім Ешбаева, Күнсұлу Түрікпен сынды жыршы қыздар Шамшат Төлепованы еске ала отырып, халыққа рухани дем берді. Сан ғасырдан келе жатқан саф өнерді дәріптеді.
Фестивальдің қорытындысында ау­дан­дық мәслихат депутаты Гүлжауһар Раева мен еңбек ардагері Әбдірахман Құлдүйсенов өнерпаздарға жылы лебізін білдіріп,қаржылай сияпат тапсырды.
Сондай-ақ аталған жыраулар үйі ұстаз, жырау Сүйінбай Ақбаевтың  туғанына – 100 жыл толуына орай «Жыр саңлағы – Сүйінбай» атты облыстық  жыршы-жыраулар фестивалінің өтуіне мұрындық болды. Тұрмағамбет ауылдық клубы үйінде Сүйінбай ақынның көзін көрген жырау Жұмабек Аққұлов, ұрпағы Тәсілім Қожатаев естелік айтты. «Жиенбай  жырау» үйірмесі өткізген шежіреші Үбісұлтан Аяповтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Даланың даналық дәстүрі» атты танымдық сабағы да көрерменнен жақсы бағасын алды.
Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгіні. Келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде оның маңызы зор. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы ескерткіш пен тарихи орынды қорғаудың Халықаралық күнін бекіткен еді. Осыған сай аудан көлемінде 85 тарихи-мәдени мұра объектісі мемлекет қорғауына алынған. Олардың 6-ауы республикалық, 43-і жергілікті маңызы бар объектілер. Ал 36 ны­сан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала тізіміне енгізілген. Осы ретте К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің бастамасымен №121 мектеп ғимаратында «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің атсалысуы­мен «Көне дүние күмбірі» тақырыбында тарихи-танымдық шараның берері көп болды. Өлкетанушы Айдынбек Скендіров аудан көлеміндегі өңірдің қасиетті орындары мен археологиялық, қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тарихи маңызына тоқталды. Жыраулар үйі «Жастар  жылына» орай «Текті сөздің төресі – терме» атты  облыстық байқаудың аудандық іріктеуін өткізді. Нәтижесінде «Тасбергенжырау» үйірмесінің жетекшісі АлматАзаматов облысқа жолдама ұтты.
Аға буын өкілінің міндеті – жас ұрпаққа тәлімді де өнегелі тәрбие беру. Соның бір көрінісі – иісі мұсылманның айт мерекесі. Қасиетті орындарға зиярат еткен клуб мүшелері мен жыраулар үйінің талантты шәкірттері үш жүздің пірі атанған Марал ишан Құрманұлының басына барып, тәу етті. Онда шырақшы Бекболат ағамыз Марал ишанның тұтынған заттары мен бұйымдарын көрсетіп, әулиенің өмір тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен таныстырды. Одан соң Марал бабаның ұлы Қалқай ишан кесенесі басында да оқушыларға құнды дерек айтылды. Алдағы уақытта  клуб мүшелері Түркі әлемінің ұзаны Қорқыт  бабаның кесенесі, Абыла жел диірмені және Сортөбе қалашығының тарихынзерттеу мақсатында игі жұмыс атқармақ.
«2019 жыл – Жастар жылы» аясында Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының  туғанына 160 жыл толуына орай «Ерлерім сөйле дегесін» атты облыстық жас ақындар айтысына айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 10 жас ақын қатысып, қазақтың бай тілінің сөз кестесін төгілдіре жырлады. Жыр бәйгесінде қармақшылық Еркебұлан Серіков, жалағаштық Динара Берікқызы, аралдық Ақылбек Бекболатов, қызылордалық Нұржігіт Биқожа, қар­мақшылық Қаламқас Жаулыбаева, тағы басқасы көрерменнің көзайымына айналды.
Жыраулар үйінің үйірме шәкірттері мен жетекшілерінің жетістігі аз емес. «Сыр елім менің – жыр елім» атты аудандық жас жыршы-термешілер фестивалінде «Жиен­байжырау» үйірмесінің шәкірттері Диас Оңғар, Артур Шалқарұлы, Шұғыла Мархабатова, «Тасберген  жырау» үйірмесінің шәкірті Арай Оңғарқызы, «Базаржырау» үйірмесінің шәкірті Нұрсұлтан Төреханов, Нәзира Қасымова, «Рүстембек жырау» үйірмесінің шәкірті Гаухар, Ұлдана   Ахметоваларжәне «Жыр  жауһары» ансамблі  алғысхатпен  марапатталса,   «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық қыз-келіншектердің жыр фестиваліне «Көшеней жырау» үйірмесінің жетекшісі  Әйгерім Ешбаева мен «Тасберген  жырау» үйірмесінің шәкірті Арай  Оңғарқызы, «Жиенбай  жырау» үйірмесінің шәкірті Шұғыла Мархабатова да марапат биігінен көрінді. Сол сияқты жыршы-термеші Әйгерім Ешбаева «Қазақстан-Қызылорда»  телеарнасының «Ақсарай» әде­би-музыкалық,  танымдық хабарының   ар­найы шақыруымен сұқбат беріп, қатысып қайтты.
Жалпы айта берсек, жыраулар үйінде жарқын істер жетерлік. Домбыраныңқос пернесінде ұлтымыздыңөткені мен бүгіні, сол секілді болашағын моншақтаған жыр жауһарларының алтын арқауы ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
16 шілде 2019 ж. 1 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 155

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930