Топ-баннер
Топ-баннер2
» » » АҚЫНДАР АЛАМАНЫ

АҚЫНДАР АЛАМАНЫ

Жыраулық пен ақындық өнерді бойына сіңіріп, жүз жыраудың Отаны атанған киелі өлкеде тағы бір жыр аламаны салтанат құрды. Сыр сүлейлерінің ізбасары, ақын-шежіреші Запа Дәулетбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жағасы жыр – сұлу сыр..." тақырыбында аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Онда ауылдық округі әкімі Б.Байбарақов құттықтау сөз сөйлесе, №29 орта мектеп директоры З.Тасымова айтулы ақынның ұрпағы Уасила апамыздың арнау өлеңін оқып, ұлттық өнердің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан жастарға ризашылығын білдірді. Мүшәйрада "Рүстембек жырау" үйірмесінің шәкірттері З.Дәулетбаевтың жырларын жатқа оқыды.
Сайыс нәтижесінде Алдашбай ахун ауылынан келген Т.Бекмұрзаев бас жүлдені қанжығаласа, тұрмағамбеттік Г.Есмаханова І орын, ақжарлық мектеп оқушысы А.Өтеш ІІ орынды олжалады. Ал, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің қазақ тілі пәні мұғалімі А.Шаймерденұлы ІІІ орынды иеленсе, «Тұрмағамбет» ЖШС есепшісі А.Берманов "Қара өлеңнің құлагері" атты жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің оқушысы Е.Серіков "Көркем жырдың шебері" атты жүлдеге ие болды. Қатысушыларға алғыс хат табысталып, сыйлықтар тарту етілді.

18 наурыз 2019 ж. 1 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031