ҚЫЗ ӘДЕБІ – ИМАННАН
Соңғы кездері ақпарат құралдарынан адамзат баласына тән емес жағымсыз хабарларды жиі оқитын да, көретін де болдық. Адам жанын түршіктірер оқиғалардың ішінен бұған дейін ешбір көз көрмеген сорақылықтың кездесіп жатқанын аңғарғанда қатты қиналасың. Халық арасында шаранасын қоқыс арасына тастап кету, өлімге қию – жанымызға батқанын несіне жасырайық. Ал, игі жақсылыққа септесіп, жамандық атаулыны жою – мұсылман баласына аманат.
Алла елшісінен жеткен бір хадисте: «Кімде-кім заманды сөгер болса – Алланы ренжітеді»делінген. Олай болса, дәстүрімізге жат, азғындықтың соңғы шегі саналатын осындай жүгенсіздікті қазіргі қоғамнан, ашығын айтқанда, отбасында беріліп жатқан жасөспірім тәрбиесінен іздегеніміз дұрысырақ болар. Абай һакім 37-ші қарасөзінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» дейді. Яғни, қазақтың бас ақынының меңзегені – біз өмір сүріп жатқан осы өмірдегі әрбір бейәдеп істер үшін біздің әрбіріміз өзімізді кінәлауға тиіспіз. Жамандыққа, надандыққа жол салған жан үшін заманы емес, замандасы кінәлі дегеніміз абзал. Осыған мән беріп, мәселе түйінін тереңнен үңіліп іздейікші.
Жасөспірімнің бұлай салқынқандылық танытуына не себеп? Таратып көрелік. Мысалы, бүгінде жасөспірім үшін жыныстық сипаттағы ақпарат қолжетімді. Әлі оңы мен солын танып болмаған балауса жастың от басуына басты себеп осы. Теледидар мен әлеуметтік желідегі шектен тыс бейнематериалдар сөзімізге дәлел. Батыстық мультипликациялық фильмдердің өзі бүлдіршіндерді бойжеткен қыз бен ер жеткен жігіт тәрізді сезінуге үйретуде. Балалардың қандай желіге кіріп отырғаны, кімдермен хабарласқаны жөнінде ата-ана қадағалауы керек. Әдепсіздіктің ошағы осы жерден көрініс табатынын талай көріп жүрміз. Баланы интернет пен теледидар алдына жеке қалдырып кетудің арты – орны толмас өкінішке айналуы мүмкін. Мұның тағы бір себебі – жаһандану. Оның ұзын құрығы қазақтың киелі бесігі саналар ауылдағы жас өскіннің танымы мен талғамына да жетіп жатыр. Осыдан аңғарғанымыздай – қоғамдағы дәстүрлі ұлттық таным мен рухани-мәдени болмыстың өзгере бастағанын байқатады. Ертегі айта білмейтін бүгінгі заманауи әжелер шетелдің телесериалының «сүйікті көрерменіне» айналғаны қашан. Нағыз әже тәрбиесінің бойға сіңетін кезінде немере өзінше, әже өзінше жүрсе үлкен жауапкершілікті кім мойнына алмақ? Азаннан кешке дейін жұмыстан босай алмайтын ата-ана ма? Оның үстіне WhatsApp байланысы да сананы улауда. Жастар түгілі, қариялар да соның тұтқыны. Адамға жел бітіріп, желіктіруде таптырмайтын құрал. Оның бақыланбайтыны, ондағы бейне, аудио және мәтіндік материалдарды арнайы цензурадан өткізу мүмкін еместігі және бар. Бұл жағынан ойланар болсақ, идеологиялық қауіп-қатер еселене түскендей.
Ақ пен қара арасын ажырата алмайтын жасөспірім қыздарымыздың кәмілет жасына толмай ана атануы, нәресте тағдырының тәлкекке түсуі – тіпті, өмірді өлімге айырбастап кете баруы бүгінгі орта қалыптастырған суық мінез, жатбауыр, ұлттық танымымызға жат тәрбиенің нәтижесі.
Бір анығы – ұрпақ тәрбиесімен шұғылдануда мектепті жалғыз қалдыруға болмайды. Отандық білім беруде жеткіншекке жыныстық тәрбие қажет пе, жоқ па деген сауал екі түрлі пікір қалдыруда. Не десек те сиырқұйымшақтанған күрмеулі мәселенің түйіні – имандылыққа әкеп тірейді. Дана халқымыз: «Гүлсіз – жер, дінсіз – ел тозады» деген. Алла Тағала иман дарытса, адам баласы азғындықтан алыс болар ма еді!? Кешегі Бұхар бабамыз өзінің әйгілі «Он тілек» атты өлеңінің алғашқы жолын «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа», деп ұрпағын жаман әрекеттен аулақ болуға шақырады емес пе? Қыз баланы қырмызы гүліндей құлпыртып, абыройлы, инабатты етіп өсіргіміз келсе – Алла харам етілген істен алыс жүруге дағдыландыруымыз керек.
Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде: «Расында әкеніңбалаға мұраға қалдырған ең үлкен сыйлығы – дұрыс берілген тәрбие» депті. Асыл дінімізде бірінші кезекте қыз балаға арналар өнегеге баса назар аударылады. Сахих Бұхаридан жеткен риуаятта Алла елшісі (с.ғ.с): «Үш қыз өсіріп, жақсы тәрбие беріп жеткізген ата-ана жәннаттық» дейді. Келесі бір хадисінде екі қыз өсіріп, игілікті тәрбиемен құтты жеріне қондырған әке-шеше үшін де жұмақ төрі бұйыратыны сүйіншіленген. «Тіл үйренген - нәпсінің қу мінезін» деп хакім Абай айтқандай, тек сөз жүзінде қалып жүрген жоқ па? Екі-үштен қыз өсіру мұрат емес, оған имани тәрбие бере білу мұрат. Алла елшісінің айтпағы да сол! Сондай-ақ, жауынгерлік пен жұмыс күшіне ерлерге сұраныс жоғары және оған берілер өнеге де берік болуы қажет. Әйтсе де, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) бұл жерде қыз баланы басты орынға қойып отыр.

Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
«Ораз ахун» мешітінің имамы.