ЖЫР – АМАНАТ

Қармақшы топырағы – небір өнер майталмандарын дүниеге әкелген киелі өлке. Қорқыт атадан тін тартқан өнер қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Сыр елінің мәдени мұрасын қалыптастырушылардың бірі – Тұрымбет Салқынбайұлы болса, жыраудың ұрпақтары да өнердің тұғырын биік ұстап, ата жолына адалдық танытып келеді.
Бейсенбіде аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде қазақ әдебиеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек еткен Тұрымбет жыраудың немересі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Ақпарат саласының үздігі», ұлттық руханиятқа өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі ақын, қаламы қарымды журналист, өнер жанашыры Ибраһим Бекмаханұлының 75 жылдығына орай «Жыр-аманат» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Кеште аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, тағылымды шараның мән-маңызына тоқталды.
– Ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Бүгінгі кештің де басты мақсаты – біртуар азаматтың есімін ел жадында қайта жаңғыртып, шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру. Сондықтан Ибраһим Бекмаханұлының еңбегі – қазақ руханиятына қызмет етумен қатар, жас буын өкілі үшін де тәрбиелік мәні жоғары мұра деп білеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары.
И.Бекмаханұлы – Ақтөбе ауылында дүниеге келіп, қазақтың ұлан-ғайыр даласының тынысын суреткерлікпен бейнелеген қаламгер. Сыр өңірі, Жезқазған, Ұлытау, Торғай аймақтарының тарихы мен мәдениетін шығармаларына арқау еткен ақын. Ол туындыларында ел мен жер тарихын, Отан, ана, өнер, табиғат, ерлік және басқа да көптеген тақырыпты қаузап, проза, поэзия, сатира жанрларында ой толғады.
Іс-шарада ақындар арнау өлеңдерін оқыса, жас жыршы-термешілер, әншілер ақынның сөзіне жазылған жыр-термелерін орындады.
Кездесуде іс-шараға белсенді атсалысқан өнер иелеріне аудан әкімі орынбасарының және «Тұрымбет жырау» қоры атынан алғыс хаттар табысталды.
Кеште ағартушы тұлғаның адами болмысы, шығармашылық жолы, елге жасаған еңбегі жайлы естеліктер айтылды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
27 қыркүйек 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 169

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930