2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
» » » «ЖЫР - АМАНАТ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

«ЖЫР - АМАНАТ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ


Қармақшының қасиетті топырағы талай дарынды ақын мен жырауларды танытқан киелі мекен. Осы дәстүрлі өнердің өрісін кеңейтіп, ұлттық руханиятқа өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, жырау, ағартушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ибрагим Бекмаханұлының 75 жылдығына орай «Жыр-аманат» атты еске алу кеші өтті.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ұйымдастырылған кешке аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, тағылымды шараның ашылуында сөз сөйледі.

-Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Бүгінгі кештің де басты мақсаты – біртуар азаматтың есімін елге қайта жаңғыртып, оның шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру. Сондықтан Ибрагим ақынның артында қалдырған жырлары – кейінгі буынға жеткізген рухани жалғасы деп білеміз. Еліміз аман, жүз шайырдың мекені болған киелі Қармақшымыз гүлдене берсін,- деді Диас Асылбекұлы.

Ибрагим Бекмаханұлы – Сырдың бойында дүниеге келіп, қазақтың ұлан-ғайыр даласының тынысын бейнелеген қаламгер. Сыр, Жезқазған, Ұлытау, Торғай өңірлерінің тарихы мен тағылымын шығармаларына арқау еткен ақынның жырларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен ұлттық болмысты байқаймыз.

Шараның тағылымды тұсы ретінде ақындар мен өнерпаздар біртуар тұлғаға арналған жыр-арнаулары мен өлеңдерін оқыды. Ақындарымыз өз жырларын арнаса, бірқатар азамат сырлы өлеңдерін оқып, көрерменге оның шығармашылық әлемінен сыр шертті. Әдеби-сазды кеште Ибрагим Бекмаханұлының сөзіне жазылған әндер де орындалды.

Сондай-ақ тағылымды кездесуде белсенді қатысқан өнерпаздарға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың арнайы «Алғыс хаты» табысталды.

Кеш барысында жыраудың замандастары мен қаламдас інілері ағартушы тұлғаның адами болмысы, шығармашылық жолы, елге жасаған еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.

Қасиетті Қармақшының жырлы жолын жалғаған ақынның есімі ел жадында, ал жырлары ұрпаққа аманат.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 қыркүйек 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930