» » » Өмірін қаламмен өрнектеген

Өмірін қаламмен өрнектеген


Ата жолы –
Көне соқпақ көргенім,
Сол арқылы мақсатыма өрледім.
Өзге елдің жұмағына қызықпай,
Өз елімнің босағасын төр дедім,– деп туған елдің қасиетін пір тұтқан белгілі ақын, қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Сыр сүлейі Тұрымбет жырау Салқынбайұлының немересі және мұраларын  жинақтаушы  Ибрагим  Бекмаханұлына 70 жыл. Өзі өмірден өтсе де, өлеңі мен шығармалары ел есінде қалған біртуар перзент қашанда ел құрметіне лайық. Сөз шеберінің 70 жылдығына орай қалалық кітапханада «Өмірін қаламменен өрнектеген» атты еске алу кеші өтті. Аталған шара елдегі жағдайға орай онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Құрметті қонақ ретінде ақынның жеңгесі Ұлмекен Ақшолақова, досы Алмат Тоқшылықов, інісі Жарқынбек Тұрымбетовтер шақырылып, кітапхана оқырмандары мен өзге кітапханашылар кеш куәсі болды. Кеш қонақтары жылы естеліктермен бөлісіп,  ақын өлеңін жатқа оқыған оқырмандарға ризашылығын білдірді. Ал кітапханашылар оқырмандарды ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды.
– Қазақта «Тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы» деген бір әдемі сөз бар. Сыр сүлейі, әйгілі Тұрымбет жыраудың ұрпағы Ибрагим ақынға да осы сөзді арнасақ, жарасып-ақ тұр емес пе? Жан-дүниесінің тұнықтығымен ерекшеленген Ибрагим ағамыздай біртуар тұлғалар рухы ел есінде мәңгі сақталады. Оның жан тазалығы, болмыс бітімі, азаматтық өресі отбасына, бауырларына қандай қадірлі болса, жерлестеріне  де өшпес үлгі-өнеге болатынына кәмілміз. Ізгіліктің иесі, жақсылықтың киесі болған аяулы ағамызды біз де ұмытпаймыз. Мәңгілік мәртебе дегеніміз де осы шығар! Кездесудің өтуіне қолдау білдірген ақын ағамыздың жанашырларына, оқырмандарымызға, әріптестерімізге алғыс айтамыз, – деп қорытындылады кітапханашы Айгүл Қанайқызы.
Кеш соңында шараға қатысып, ақын өлеңдерін оқыған оқырмандарға Ұлмекен апай  Ибрагим Бекмаханұлының «Қасиетті мекен» атты кітабын сыйға тартты.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
03 тамыз 2021 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031