» » ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбаны, Сыр өңіріндегі діни-исламдық ағартушылық қыз- метінің көрнекті өкілі Ы.Сүлейменұлының (1878-1937 ж.ж.) қиын да күрделі өмір жолын жан-жақты баяндайтын «Ыспан қари» атты ғұмырнамалық кітап жарық көрді.
Онда жас кезінде оқыс жағдайдан екі бірдей көзінен айрылған зағип баланың сол өңірдегі атақты Алдашбай ахун мешітінде оқып, жадының мықтылығы арқылы Құранды толық жатқа айтатын қари атанғаны, өзі де ауылында мешіт ашқаны баяндалады. Сондай-ақ оқыр­ман қауым қаридың портретті образын бала оқытып жүрген кезінде Кеңес өкіметіне қарсы саясат жүргізді деген жалған айыппен ұсталып, жазықсыздан-жазықсыз ату жазасына кесілгені, мұрағат және көнекөз қарттардың деректері, ғалым, журналистердің зерттеу ең­бектері мен қари ұрпақтарының естеліктері арқылы оқып, таныса алады.
Ыспан қари сонымен қатар шайыр, айтыскер ақын да болған кісі. Ол атақты Сыр сүлейі, бала жырау атағымен алашқа әйгілі тұлға Тұрымбет Салқынбайұлының шәкірті болған. Шығармалары «Айтыс» кітабының 2-ші томында және Т.Салқынбайұлының кітаптарына енген. Кітаптың авторы, құрастырушысы және жауапты редакторы Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Ақпарат саласының үздігі» Ибрагим Бекмаханов.
«Қт» ақпарат.
03 маусым 2019 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 538
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031