» » » ҰЛТТЫҚ МҰРА ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ МҰРА ҰЛЫҚТАЛДЫ


Ұлттық домбыра күніне орай музейде ұлттық өнер мен рухани мұраны дәріптеуге арналған «Домбыра керуен» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында қазақ халқының қасиетті музыкалық мұрасы – домбыраның тарихы, оның жасалу ерекшеліктері, түрлері мен ұлттық мәдениеттегі орны кеңінен таныстырылды. Музей қорындағы құнды жәдігерлер келушілер назарына ұсынылып, домбыраның халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен және рухани өмірімен тығыз байланысы жайында мазмұнды ақпарат берілді.

Іс-шараның көркін аудандық Жыраулар үйінің өнерпаздары аша түсті. Олар ұлттық өнердің мәйегі саналатын әсерлі күй мен тағылымды жырларды орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Ұлттық құндылығымыздың алтын арқауы – домбыраның қоңыр үні ешқашан үзілмей, халқымыздың рухани мұрасы мәңгі жасай берсін! Ұлттық өнеріміз өркендеп, дәстүрлі мәдениетіміз ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғаса берсін!

03 шілде 2026 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 999
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 228

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031