Көшпелі көрме өткізілді

Қазақы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері, ұлттық келбетіміздің рухани символы болып табылады. Осы орайда, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен музейлік этнографиялық құндылығы бар ұлттық киімдер және зергерлік бұйымдардан кент орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Ұлттық құндылық - ұрпаққа мұра» атты көшпелі көрме өткізілді.
Көрменің негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту және ұлттық рухта тәрбиелеу.
Пікір 1