» » » ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының "Жастар" БПҰ ұйымдастыруымен домбыра күніне орай жастармен кездесу өтті
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының киелі аспабы домбыраны насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық өнер мен мәдениетіміздің бай мұрасын таныту.
Кездесуге арнайы қонақтар шақырылды:
- Досжанова Дина – дирижёр, күйші, ұлттық музыка жанашыры;
- Сабалиева Қалдықыз – қобызшы, домбырашы, өнер жолында көп жыл еңбек еткен ардақты ұстаз.
Қонақтар жастарға домбыраның шығу тарихы, түрлері, шертпе және төкпе күй дәстүрі жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Қазақтың атақты күйшілері мен күй өнерінің рухани мәні туралы әсерлі әңгімелер айтылды.
Кездесу барысында Дина ханым мен Қалдықыз апайымыз өз орындауларында бірнеше күй шертті. Жастар ұлттық аспаптың үнін жан-тәнімен тыңдап, ерекше әсер алды. Сонымен қатар, өнерпаздармен еркін пікір алмасып, сұрақтарын қойды.
04 шілде 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930