Мамандық – өмір таңдауы

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп- лицейі интернатының тәрбиешілері Қойшыбаева Эльмира мен Қалмаханова Бибінұрдың ұйымдастыруымен «1-наурыз-Алғыс айту» күніне орай «Мамандық-өмір таңдауы» тақырыбында ауданымыздағы белгілі мамандық иелерімен кездесу болып өтті.
Кездесуге «Жастар денсаулық орталығы» қызметкері Кетебаева Әмина, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Пірназаров Нұржұман, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Ардақ Сәкенқызы, «Салауатты өмір салты» орталығының қызметкері Құлмырзаева Дариға, №250 мектеп-лицейінің психологы Алданазарова Құралай арнайы қатысты.
Кездесудің мақсаты- «1-наурыз- Алғыс айту» күнін атап өту, мамандық таңдауға кеңес бере отырып, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарына тәрбиелеу болып табылады.
Кездесу барысында- оқушыларға мамандық таңдау туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, №250 мектеп-лицейі интернатын бітіріп білім алған, қазір таңда шет елдерде білім алып жүрген түлектері жайлы видеолары көрсетілді. Шет елге қасиетті Қармақшы елін танытып жүрген Серікбай Ақнұр өзінің ойларымен бөлісті.
Сонымен бірге 9 сынып оқушысы Қайруллаев Саламат, 6-сынып Алпамыс Нұрсұлтан мен Сәрсенбек Инабат домбырамен күйден шашу шашып, 5-сынып оқушысы Айболқызы Күнайым ән айтып өнерлерін ортаға салды.
Арнайы қатысқан қонақтар өмір жолдары жайлы айтып, мамандық таңдауда кеңестер беріліп, тәрбиелік мәні бар сұхбат жүргізілді.
Өз кезегінде интернат оқушылары ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасып, қонақтар тұщымды жауаптарын берді.
Кездесу соңында №250 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серғали Бертлеуов қорытындылап, арнайы уақыттарын бөліп келген қонақтарға мерейлі мерекеге орай «Алғыс хаттар» табыстап, мектеп әкімшілігі тарапынан ризашылығын жеткізді.