» » Ақ домбыра қолға алып

Ақ домбыра қолға алып

Халқымыздың рухын көтеріп, қасиетті аспабын насихаттау мақсатында шілде айының алғашқы аптасында «Ұлттық Домбыра күні» аталып өтіп келеді. Домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра саналады. Дәуір үнін ұрпақ санасына сіңіруді мұрат тұтқан дүбірлі думан биыл да өз дәстүрінен жаңылмай ауданымызда жалғасын тапты. Орталық алаңда ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ақ домбыра қолға алып» атты мерекелік іс-шара өтті.
Қасиетті өңіріміздегі жыраулық дәстүрді насихаттау, күмбірлеген күй төгілген қазақ халқының музыкалық аспабы домбыраның құдіретін келешек ұрпақ санасында жаңғыртуға бағытталған мерекелік кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек күйшілік дәстүрдің алтын жібін жалғаған өнер саласы майталмандары мен жастарға шығармашылық табыс тілеп, ыстық ықыласын жеткізді.
– Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, бұл біздің халқымыздың мақтанышы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ пен домбыраны бір-бірінен бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым деп көрсетті. Киелі домбырамыз ауданымыздың жүз жыраудың елі атануына да себеп болды. Сондай-ақ 2006 жылы Сыр өңірінің тарихында алғаш рет Жырау- лар үйі ашылып, қазіргі таңда халық игілігін көріп жатыр. Ауданымыз жыл сайын ұлттық домбыра күніне орай республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруда. Ұлттық аспабымыз саналатын домбырамыз төрден түспесін, баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын!, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар мерекелік кеште «Таза Қазақстан» эколог- иялық акциясына белсене қатысқан еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.
Мұнан соң аудан өнерпаздары мен жыршы-жыраулар күмбірлете күй тартып, жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Думанды іс-шара Ақтөбе және Жосалы ауылдық оругтерінің «Ел іші – өнер кеніші» атты концертімен жалғасты. Ұлттық құндылықтар ұлықталып, дәстүрлі музыка дәріптелген домбыра күні осылайша өзінің дүбірлі думанымен жүректерге жетті.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 шілде 2024 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930