» » » Ақ домбыра қолға алып...

Ақ домбыра қолға алып...

Кешкілік орталық алаңда «Ақ  домбыра  қолға  алып» атты Домбыра Party өтті.Көзге ерекше түскені 30 домбырашының  «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындағаны.
 Иә, 2018  жылғы 12  маусымдағы №699  Жарлыққа  сәйкес  шілденің  бірінші  жексенбісі  «Ұлттық  домбыра  күні»  болып  жарияланды.  Бұл күн –  қазақ  мәдениетінің, әдебиетінің  өнері  мен  өркениетінің   тарихы  мен  қазыналы  қарияның,  жасампаз  жастың  өнерлі  өркеннің,  білімді, парасатты  ұрпақтың  бір сөзбен  айтқанда  қазақ  ұлтының  төл  мерекесі.  Көшпелі өмірдің шежіресін шерткен көне аспап қазақтың қасиетті құралы ғана емес, талай кезеңдердің тарихи куәгері. Ашық аспан астындағы әуелеген ән, сан  ғасырдан  жалғасқан  жыр,  күмбірлеген күй үні тыңдарман назарына ұсынылып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен рухани азық сыйлады.
Сыр елінде  жыраулық  дәстүрмен  қатар күйшілік  дәстүр  де   қоса  дамыған.  Оған  Қазанғаптың,  Құрақтың  Досжаны,  Сламбек  Ысқақовтың  шығармалары  дәлел  бола алады. Қара өлеңнің қадірін арт­тырған Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра!» өлеңін­де тұтас дәуір келбеті, тұң­ғиық тарих, тым биік талғам бар. Әсілі Мәңгілік елдің асыл мұратын арқалаған Алаш тарихын домбырасыз елес­тету мүмкін емес.
Өнер фестивалінде аудан  өнерпаздары  өнер көрсетті. Мереке қарсаңында марапат төрінен көрінгендер де болды. Ал қасиетті  қара  домбыраның  шанағынан  төгілген әсем  ән мен  тәтті  күй  осылайша Қармақшының  аспанында  әуеледі. 
Айнұр ӘЛИ
05 шілде 2022 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 365
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728