Топ-баннер
» » » Ауданда ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ауданда ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні мерекесінде аудандағы К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі алдында  «Ақ домбыра қолға алып» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, жиналған жұртты Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады.
Жыраулық дәстүрдің алтын жібін жалғаған өнер саласы майталмандары мен жастарға шығармашылық табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.

Сыр сүлейлерінің мұрагерлері, жыршы-жыраулар Айгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев, Алмат Азаматов, Руслан Өтегенов және Әлішер Мырзағалиевтар жырдан шашу шашып, жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Думанды іс-шара Ұлттық домбыра күні мен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Көңіл толқыны» атты күйшілер фестивалімен жалғасты.
Ұлттық өнерімізді ұлықтаған өнер фестиваліне қатысушы өнерпаздар күмбірлете күй тартып, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырды.
Іс-шара соңында фестивалге атсалысқан өнер майталмандары марапат төрінен көрінді.

«Қт» ақпарат


02 шілде 2023 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 471
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728