» » » ҚАРМАҚШЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


Аудандық орталық алаңда Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ақ домбыра қолға алып» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жиналған жұртшылықты Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, жыраулық дәстүрдің алтын жібін жалғаған өнер саласы майталмандары мен жастарға шығармашылық табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, шара барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысқан еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Одан кейін аудан өнерпаздары мен жыршы-жыраулар күмбірлете күй тартып, жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Думанды іс-шара Ақтөбе және Жосалы ауылдық оругтерінің «Ел іші, өнер кеніші» атты концертімен жалғасты.

05 шілде 2024 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930