» » » ҚАРМАҚШЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ СӘБИЛЕРГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ СӘБИЛЕРГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі күмбірлі әуенімен күллі әлемді таңқалдырған қазақ халқының қос ішекті қасиетті домбырасының құрметіне орай «Ұлттық домбыра күні» деп жариялаған болатын. Осыған орай еліміздің барлық өңірлерінде биыл айтулы күн алғаш рет кең көлемде аталып өтілуде.
1 шілде – «Ұлттық домбыра күні» мерекесі күні ауданымызда 3 сәби дүние есігін ашты. Жосалы кен…тінің тұрғындары Игібаева Ғазиза мен Таужанов Жалғасбектің отбасында қыз бала, Ақжар ауылының тұрғындары Қыдырәлиева Әзиза мен Ұзақов Асхаттың отбасында ұл бала және Жаңажол ауылының тұрғындары Бақытбекова Сәрсенкүл мен Қуаңбаев Амангелдінің отбасында ұл бала дүниеге келген.
Мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев аудандық перзентханада болып, жаңа туған нәрестелерге аудан әкімінің ізгі тілегі жазылған құттықтау хатымен қоса қазақтың қара домбырасын сыйға тарту етіп, игі тілектерін жеткізді.
02 шілде 2018 ж. 2 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 524

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930