» » Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ардагерлер аллеясында Аудандық оқушылар үйі жанынан құралған «Жас толқын» аулалық клубының ұйымдастыруымен 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» тақырыбында домбыра party болып өтті. Бұрын соңды болмаған бұл шараның мақсаты қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып, бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының ұлттық өнерін құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың ән - күйлерді тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Аталмыш шараға барлық аулалық клубтардың жетекшілері мен мүшелері қатысты. «Халық әні» үйірмесінің мүшелері қазақтың «Балбырауын», «Адай», «Шалқыма» сынды күйлерін нақышына келтіре орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Шұғыла» аулалық клубының жетекшісі Ж. Алпысбаева «Еркем-ай» әнін орындап қатысушыларды таң тамаша етті. 
02 шілде 2019 ж. 1 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728