Топ-баннер
Топ-баннер2
» » "Кітап – AMANAT" партиялық жобасы аясында Ұлттық кітап күніне орай танымдық кездесу өтті

"Кітап – AMANAT" партиялық жобасы аясында Ұлттық кітап күніне орай танымдық кездесу өтті


Бүгін "AMANAT" партиясына қарасты "Жастар" БПҰ ұйымдастыруымен "Кітап – AMANAT" партиялық жобасы аясында Ұлттық кітап күніне орай колледж студенттерімен танымдық кездесу өтті.

Кездесуге қатысқан партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, "Жастар" БПҰ жетекшісі А.Абдиканиева бүгінгі шараның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және отандық әдебиеттің маңызын ұғындыру деп атап өтті.

Шара барысында колледж кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы, Алаш зиялыларының еңбектері, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды шығармалар мен латын графикасына байланысты материалдар қойылды.

Кітапханашы мен оқытушылар жастарға әдебиет оқудың тәрбиелік және танымдық мәнін түсіндіріп, шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды сіңірудің жолдарын атап өтті. Студенттер өз кезегінде кітаптар жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты.

Аталған шара кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен ұлт руханиятын жаңғырту жолындағы игі бастамалардың бірі болды.
23 сәуір 2025 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031