» » » «ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР»

«ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР»


Бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласының ардагері, патриоттық әндердің орындаушысы, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Ордабай Төребаевтың «Өнермен өрнектелген өмір» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Өнер кешіне аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып:
«Өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың ықыласы десек, Ордабай ағамыз сол құрметке әбден лайық тұлға. Оның орындаушылық шеберлігі, әсіресе патриоттық әндерді насихаттаудағы еңбегі мен бүгінге дейінгі байқаулардағы жетістіктері – мұның бәрі қажырлы еңбектің және өнерге деген сыйластықтың нәтижесі. Өнеріңіз өрлей берсін, сіздің еңбегіңіз әрдайым ел есінде»,- деп алғысын білдірді. Сондай-ақ аудан басшысының арнайы «Құттықтауын» жеткізді.

Шығармашылық кеш барысында өнер. иесінің орындауындағы қазақ және әлем эстрадасының таңдаулы әндері шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар аудан өнерпаздары мен әріптестері де әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетсек ауданымыздың мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына жарты ғасырға жуық ғұмырын арнаған ғибратты ғұмыр иесі еңбек жолын 1972 жылы аудандық мәдениет саласында бастап, бірнеше қызметті абыроймен атқарды. Сонымен қатар республикалық патриоттық ән байқауының лауреаты, «Наурыз шапағаты», «Сағындырған әуендер», «Өнерлі шаңырақ – өнегелі елдің мақтанышы» секілді өнер байқауларының жүлдегері атанып, 2022 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 маусым 2026 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930