» » Өнермен өрілген өмір

Өнермен өрілген өмір

qarmaqshy-tany.kz Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналып Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде сала ардагері, патриоттық әндер орындаушысы, "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегері Ордабай Төребаев "Өнермен өрнектелген өмір" тақырыбында жеке шығармашылық кешін берді.
Мерекенің ашылу салтанатында әншінің өмір және еңбек жолынан көрініс беретін бейнеролик қойылды. Кеш шымылдығы көпшіліктің зор қошеметімен ағамыздың орындауындағы "Атамекен" әнімен түрілді.

Бірқатар халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ерекше дауыс иесі О.Арыстанұлы өз репертуарындағы "Әдемі-ау", "Дедімай-ау", "Сен үшін", "Нурикамал", "Ана туралы жыр", "Сағыныш", "Сәулем-ай" әндерін нақышына келтіре әуендетсе, "Червоно рута", "Земля целинная", "Семнадцать мгновений весны", "Где-то далеко", "Смуглянка", "Катюша" секілді орыс, украин секілді өзге де ұлт тілдерінің жауһар әндерін жоғары деңгейде орындады. Өнер сүйер қауым қазақтың халық әндерімен қоса, майдан даласында талай жауынгердің жүрегіне Жеңіске деген үміт отын жағып, рухани күш берген патриоттық әндер де шығармашылық кештің ажарын ашып тұрды.
Қазақстан Республикасы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, сала ардагері Несібелі Нұралиевамен бірге орындаған "Қайтар маған", аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ақерке Бекеевамен бірге орындаған "Жақсы адамдар азаймасын", Төретам кенттік мәдениет үйінің директоры Ақмарал Кішкентаевамен бірге орындаған "Лаванда" әні халықтың ыстық ықыласын арттырды.
Екі сағатқа жуық уақыт көрерменіне кереметтей көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште бишілер тобы түрлі көрініс көрсетіп, ата-бабамыздың майдандағы өмірін бір уақ көз алдымызға әкелді.

Кеш қорытындысында аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов ардагерге жылы лебізін білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Иығына шапан жауып, құрметін көрсетті.

Сондай-ақ, мәдениет саласының ардагері Несібелі Нұралиева Ордабай Төребаевтың дауысы Қазақстанда сирек кездесетін дауыс екенін және 40 жылдан аса сахнада келе жатқан оның даусының бояуы сол күйінше сақталғанын тілге тиек етсе, ауданның Құрметті азаматтары Әбдірахман Құлдүйсенов, Асқар Мереков Жеңіс мерекесінде осындай патриоттық әндердің шырайын келтіріп орындаған белгілі әншіге және оның продюсері әрі жары, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Күміс Бекмахановаға алғысын айтып, ілтипатын жеткізді.
Кеш әншінің "День победы" әнімен шымылдығын жапты.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
11 мамыр 2023 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031