» » » Арманына асыққан Айжан

Арманына асыққан Айжан


Апта басында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Арманыма асығамын» атты ән кеші өтті. Бұл ауданға танымал халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Алтын дауыс» иегері жас әнші Айжан Қыдырбектің ән кеші еді. Аудан халқының құрметіне бөленіп жүрген тамаша талант иесінің жеке концерті карантин талаптарына сай өткізілді.

Кештің мақсаты – көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Айта кетейік, жас әнші карантин уақытында әлеуметтік желі арқылы онлайн концерт өткізіп, көрермендерінің ыстық ықыласына бөленумен қатар көп дауыс жинаған. Биыл көптің сұрауымен, мәдениет үйінің қолдауымен алғашқы ән кешін өткізді. Жалпы, Айжан Қыдырбек үздіксіз шығармашылық ізденістің адамы. Репертуарын дамылсыз жаңартып, өз тыңдарманын тапқан. Бүгін де, талғампаз көрерменнің оң бағасын алды десек артық айтқанымыз емес.

Әндері мен алтын дауысы қалықтаған ән кешін ауданның жас режисері Мадияр Маханбетов жүргізсе, жұлдызды өнерпаздар шоғыры, әнші Ғалымжан Шәкизада, Әділет Бимұратұлы өнер көрсетті. Сонымен қатар Жазира Сәтбергенова жетекшілік еткен «Бастау би» тобы сахнаның көркін қыздырды.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 ақпан 2021 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 539

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930