» » » МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ӨКІЛДЕРІНЕ АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ӨКІЛДЕРІНЕ АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Мәдениет және өнер қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жиында аудан әкімі сөз алып, мәдениет пен өнер саласының ел дамуындағы ерекше рөлін атап өтіп, бұл бағытта жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
– “Мәдениет – ұлттың жаны, руханияттың өзегі. Сіздердің еңбектеріңіз – тек көркем шығармашылық емес, елдің бірлігі мен болашағына қызмет ететін биік миссия. Сіздер ұлт руханиятын ұлықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Осы жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін,” – деді.

Қабылдауда ұзақ жылғы жемісті еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін бірқатар сала үздіктері мен өнер майталмандары облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарында кітапхана, мұражай ардагерлері, мәдениет үйлері мен өнер мектептерінің қызметкерлері, сондай-ақ үздік шығармашылық ұжым өкілдері болды.

Салтанатты қабылдауда аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың мәдени әлеуетін арттырып жүрген өнер майталмандарына ізгі лебізін білдірді.

Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрметке алғыстарын айтып, мәдениет пен өнер саласына мемлекет және аудан тарапынан жасалған қолдаудың өздеріне зор серпін беретінін атап өтіп,

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың әсем әндеріне ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

22 мамыр 2025 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 791
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031