» » » Мәдениет майталмандарына құрмет

Мәдениет майталмандарына құрмет

Аудан әкімі Жандос Еркінбек мәдениет және өнер қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
– Қармақшы ауданы – жүз шайыр шыққан, ақындық пен жыраулық өнердің туын тіккен, бүгінде жүз жырауы жыр көшін жалғаған дарынды тұлғалардың мекені. Сонау сыр сүлейі Тұрмағамбет, кешегі өткен күміс көмей Көшеней, жампоз жырау Қуандық, бүгінде жауhарлы жырдың тұлғасы Алмас Алматов бастаған саңлақтар көтерген өнердің тұғыры әрқашан биікте. Ауданнан шыққан талантты жас өнерпаздарымыз да халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, аудан абыройын асқақтатып келеді. Күні кеше ғана облыс әкімі өнер иелеріне Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы», «Тұран» сыйлығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарын табыстап, өнер ұжымдарына домбыра тарту етті. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің ерен еңбегі деп білемін, – деді аудан әкімі.
Одан соң аудан басшысы мәдениет және өнер саласында жемісті еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатын, «Еңбек даңқы» төсбелгісін, облыс әкімі және аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Сондай-ақ іс-шара барысында Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Үрзахия Махамбетованы 70 жас мерейтойымен құттықтап, сыйсияпат жасады.
Қармақшы ауданының баспасөз қызметі
29 мамыр 2024 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930