» » Мәдениетім – мәртебем

Мәдениетім – мәртебем

К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Мәдениетім - мәртебем» атты мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімі
Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы: - Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады, – деп ауданымызда атқарылған жұмыстар мен жетістіктердің көрсеткішін саралап шықты.
– Қармақшы өлкесі – қасиетті өнердің киелі бесігі, жыраулық дәстүр тараған дарынды тұлғалардың мекені. Саңлақтар көтерген өнердің тұғыры әрқашан биікте. Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің биік рухы мен өркендеп-өсуіне қызмет етіп, халықты тамаша өнермен қуанта беріңіздер!» – деп атап өтті.
Сонымен бірге өңірдің өркендеуі жолында еңбектенген мәдениет пен өнер қызметкерлеріне облыс әкімі мен аудан басшысының алғыс хаттарын сала үздіктеріне табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертке жалғасты.

22 мамыр 2022 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930