» » Мәдениеті дамыған елдің мәртебесі биік

Мәдениеті дамыған елдің мәртебесі биік

qarmaqshy-tany.kz Мәдениет – адамзатты тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал болса, өнер – оның өзекті бөлігі. Екеуі біріксе қоғам дамуының қажетті саласына айналады. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болады.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл – қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақынжазушының, өнер мен тарих тағылымын таныстыратын музей қызметкерлерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, көрерменге мазмұнды қойылыммен ізгілік нәрін сыйлайтын театр әртісінің, өңірлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғыс айтатын кәсіби мереке. Осыған орай өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде «Өнер – өмір өрнегі» атты аудан өнерпаздарының іс-шарасы өтті. Салтанатты кеш өнер жолындағы жандардың өмірі жайлы мағыналы қойылыммен басталды. Мұнан соң аудан әкімі Жандос Еркінбек осы салада қалтқысыз қызмет етіп жүрген өнер иелері мен ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне үлкен үлес қосып, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында еңбек етіп жүрген мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше. Сіздер аудан әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек етіп келесіздер. Киелі өнер жолында Сыр өңірін, соның ішінде ауданымызды елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жаңа шығармашылық шабыт тілеймін, – деді аудан басшысы.

Іс-шара барысында ауданның рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айрықша үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталды.

Кеш одан әрі концерттік бағдарламаға жалғасты. Аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, көрерменге көтеріңкі күй сыйлады. Сондай-ақ ауданнан түлеп, өзге аймақта өнер жолында елге танылып жүрген жерлестеріміз видео арқылы әріптестерін мерекемен құттықтады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
23 мамыр 2023 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031