» » » ӨМІРІ ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӘЖЕЛЕР

ӨМІРІ ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӘЖЕЛЕР


Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде 37 жылдық тарихы бар «Ақ Әжелер» ансамблінің «Өмірлері өнермен өрілген» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Ансамбль құрылған уақыттан бастап бүгінге дейінгі шығармашылық жылдарды бейнелейтін бейнероликпен басталған мерекелік шарада ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Ат тергеу», «Бауырынан табақ өткізу», «Бәдік» жыры, «Қыз ұзату» сияқты салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, әжелердің орындауындағы халық әндерін көрермендер сүйсіне тыңдады.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, өнері мен өнегесі жарасқан әжелерге ауданның жоғары марапаты – «Құрмет грамотасын» табыстады және аудан әкімінің ықылас гүлі әкелінді.

Ұлағаты мен ұстанымын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, білім, өнер саласында тең еңбек еткен, бүгінде елдің құрметіне бөленген «Ақ әжелер» ансамблі - ауданымыздың мақтанышы, ұлағатты ұстаздық жолды шығармашылықпен үндестіріп, бүгінде еңбектің зейнетін көріп, бақытты әже болып отырған аналарымыздың бірлігі мен жемісті еңбегінің жемісі.

Жоғары деңгейде өткен шығармашылық өнер кешіне жиналған қауым әжелер салған ән мен жаңғырған салт-дәстүрдің сабақтастығын көріп, «әжелер салған ән ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат болып жетіп, өнер өнегеміз биік болсын!» деген алғыс сезімдерін білдірді.

06 желтоқсан 2024 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031