» » » МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданы жүлделі І орынды иеленген болатын.

Осыған орай, Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен байқауға қатысқан мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін арнайы қабылдау рәсімі өтті.

«Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы өткен болатын. Осы мерекелік кеште аудандар арасында топ жарып, киелі Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленіп, аудан мерейін асқақтаттыңыздар! Бұл жетістік – Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы, яғни, өздеріңіздің бірлесе жасаған жүйелі жұмыстың жемісі! Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада ауданымыздың мерейін асқақтатып, ел алғысын алып жүрген ақтангер айтыскер Серік Ыдырысов, Нұржан Шөмекей секілді тұлғаларымыздың атсалысуы да рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне серпін болды.
Алдағы уақытта да Қармақшы ауданы алдыңғы қатардан көріне беруіне тілектеспін»,-деді аудан әкімі.

Шара барысында аудан басшысы өнер майталмандарына аудан абыройын асқақтатқан еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, аудандық “Әжелер ансамблі” ұлттық әндер шырқап, салтанатты қабылдауға ерекше рухани кеш сыйлады.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және алғыс хат иелері сөз сөйлеп, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мамандарға алғыстарын білдірді.

Аудан әкімі шығармашылық ұжымның еңбегі жастарға үлгі екенін атап өтіп, мәдениет саласын дамыту бағытындағы қолдау жалғаса беретінін жеткізді.

17 шілде 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10420)

15 шілде 2025 ж.

№51 (10419)

12 шілде 2025 ж.

№50 (10418)

09 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031