» » ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Қызылорда қаласының астана болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында ауданның өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.
Байқау аясында аудан атынан қатысқан өнерпаздар тарихи тақырыпты көркем жеткізіп, туған өлке рухын сахнада жан-жақты ашып көрсетті. Әрбір қойылым мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан жоғары бағаланып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл жетістік – ауданның өнер мен мәдениет саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Рухты жаңғыртып, ауданның мәртебесін биіктеткен барлық қатысушы шынайы алғысқа лайық.
Айта кетейік, аталған байқау – туған өлкенің рухани мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған игі шара.
«ҚТ» ақпарат
10 шілде 2025 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 723
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 169

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31