» » » ЖЫРАУЛАР ЖЕРІ – ҚАРМАҚШЫДАН ҚЫЗЫЛОРДА ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА РУХАНИ ТАРТУ

ЖЫРАУЛАР ЖЕРІ – ҚАРМАҚШЫДАН ҚЫЗЫЛОРДА ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА РУХАНИ ТАРТУ

Қызылорда қаласының астана атанғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы тарихи мерекеге орай «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы аясында жырдың киесі қонған Қармақшы ауданының өнерпаздары қала жұртшылығына ерекше мерекелік тарту жасады.

Қаланың орталық алаңында өткен ауқымды мәдени шарада жыраулық өнердің алтын бесігі саналатын Қармақшы топырағының төл өнері мен тарихи-мәдени мұрасы кеңінен насихатталды. Аудан қолөнершілері ұлттық нақыштағы бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін таба білген қолөнер туындылары көрмеге қойылды.

Шара шымылдығы Қармақшының жыраулық тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрініспен ашылды. Қобыздың күңіренген үні мен жыршының шынайы сөзі көрерменді терең әсерге бөлеп, сахна рухани кеңістікке айналды.

Мерекелік кешке «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Қазақстанның өнер қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ақын Серік Ыдырысов, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов арнайы қатысып, Сыр елінің айтулы мерекесімен құттықтап, аудан өнерпаздарына өз алғыстарын білдірді.

Сахна төрінде «Қорқыт» домбырашылар ансамблі, «Ақ Әжелер», «Айқаракөз» топтары, сондай-ақ ауданның жас әншілері мен бишілері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Терме мен толғау, ән мен күй арқылы ата-баба аманаты ұлықталып, Сыр еліне тән рух пен сырлы сарын көрініс тапты.

Кеш мазмұны тек сахналық қойылым мен дәстүрлі өнерімен ғана шектелмей, көңілді кештің шырайын ашқан Қармақшының жайдарманшылары да сахнаға көтеріліп, ұлттық болмысқа негізделген тапқыр әзілдерімен көрермен көңілін серпілтті. Жастардың шынайы тапқырлығы мен сахна мәдениеті көпшілік тарапынан ерекше қошеметке ие болды.

Қармақшы ауданының өнер ұжымы Қызылорда қаласының ғасырлық торқалы тойына орай рухани тереңдікке, тарихи тағылым мен шынайы қуанышқа толы мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Жыр мен күлкі, күй мен көркем бейне тоғысқан бұл кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани серпін сыйлады.

30 маусым 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 981
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30