» » ҚАРМАҚШЫ ӨНЕРПАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ

ҚАРМАҚШЫ ӨНЕРПАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ


Қызылорда қаласының астана болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Байқау аясында аудан атынан қатысқан өнерпаздар тарихи тақырыпты көркем жеткізіп, туған өлке рухын сахнада жан-жақты ашып көрсетті. Әрбір қойылым мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан жоғары бағаланып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл жетістік – Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Рухты жаңғыртып, ауданның мәртебесін биіктеткен барлық қатысушылар мен шығармашылық топтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Қармақшы – өнердің ордасы, рухтың мекені!

Айта кетейік, аталған байқау – туған өлкенің рухани мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған игі шара.

05 шілде 2025 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 165
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031