Құрылтай
» » » ЕМЕН БОЙЛЫ, КЕМЕЛ ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР

ЕМЕН БОЙЛЫ, КЕМЕЛ ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Қазақ көркемсөзінің үлкен өкілі, парасат – пайымы мол ірі тұлға, ақын, қаламгер жазушы Адам Мекебаевтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Емен бойлы, кемел ойлы қаламгер» атты аудандық өнер фестивалі жоғары деңгейде өткізілді. Көрермен қауым Адам Мекебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалды тамашалады.
Жыр фестивалін Ақжар ауылдық округінің әкімі Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы мен №28 орта мектептің директоры Оспанов Амантұр Жұмабайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Жыр фестиваліне қатысушылар Адам Мекебаевтың төл шығармалары мен Сыр сүлейлерінің шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Фестивалге қатысушылар аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлының арнайы алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етілді. Ауыл ардагерлері Рая Жөнейтова мен Ибайдулла Нарымбетовтер батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.

29 мамыр 2025 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31