» » "Кемел ойлы қаламгер" атты аудандық жыр фестивалі өтті

"Кемел ойлы қаламгер" атты аудандық жыр фестивалі өтті

2020 жылдың 13 қарашасы күні Ақжар ауылдық Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Көшеней Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" ұйымдастыруымен қазақ көркемсөзінің үлкен өкілі, парасат – пайымы мол ірі тұлға, ақын, қаламгер жазушы Адам Мекебаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «КЕМЕЛ ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР» атты аудандық жыр фестивалі санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жыр фестиваліне келген қонақтар ауыл кітапханашысының дайындаған "Кемеңгер жазушы- Адам Мекебаев" тақырыбында дайындалған көрмесін тамашалады. Жыр фестиваліне қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Аңсатов Сәпен ағамыз арнайы қатысып, қатысушы талапкерлерге ақжолтай тілек тілеп, ауыл халқына, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Жыр фестивалінде №28 мектептің оқушылары адам Мекебаевқа арнау жырлармен жазушының төл туындыларын мәнерлеп оқыса, жыршы- жыраулар Бедебаев Балтабай, Айгерім Ешбаева, Руслан Өтегенов, Азаматов Алмат, Сырым Әділбековтер және жас жыршылар Арай Оңғарқызы, Бижан Іңкар, Сағатова Нұрсезімдер Адам Мекебаевқа арнау жырларын Сыр мақамдарында төгілдіре жырлады. Кеш соңында ауыл әкімі Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы Аңсатов Сәпен ағамыздың иығына шапан жапса, сахнада сұлу сырдың саздарын әуелетіп, жыраулық дәстүрді дәріптеп өз деңгейінде өнер көрсеткен жыршы- жыраулар арнайы Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына сай әрбір атқарған жұмысымыз елге үлгі, халыққа пайдалы болғаны ләзім.
13 қараша 2020 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728