» » » Жыр жампозы - Жаппар жырау

Жыр жампозы - Жаппар жырау



qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулапр үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейлерінің ізбасары, тарланбоз жырау Жаппар Тұңғышбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Жыр жампозы - Жаппар жырау" атты аудандық жыршы- жыраулар фестивалі жырау Жаппар Тұңғышбаевтың туған жері - жүздеген ақын - жырауларын жүзіктеген Тұрмағамбет ауылында ұйымдастырылып өткізілді. Жыр фестивалін Дауылкөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Сайлаукүл Балқожақызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жыр фестиваліне Зауре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев, Балтабай Бедебаев, Әділхан Қуаңбаев, Алмат Азаматов, Руслан Өтегенов, Әлішер Мырзағалиевтер қатысып, Сыр мақамдарымен Сыр сүлейлерінің шығармаларын көрермен қауымға тарту етті. Шара соңында К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры А.Ешбаева барлық қатысушыларды арнайы аудандық мәдениет және спорт бөлім басшысының алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Жырау Жаппар ағамыздың ұрпақтары, ұл - қыздары ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғыстарын білдіріп, сый сияпаттар жасады.

Сүлейлер мұрасы-қазақ мәдениеті тарихының алтын арқауы. Жыршы- жыраулар, термешілер әуезімен әдіптелген жырлары ұлтымыздың жарқын болашақ жолындағы берік сеніміне серік қалпымен өркендей бергей!

27 қазан 2023 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 377
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930