» » » ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ


Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованың өнегелі өмір жолын насихаттау, жас ақындардың шығармашылығын қолдау және ұлттық өнерді дамыту мақсатында «Ұстаз – Ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті.

Биыл алтыншы рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған жыр сайысының шымылдығын аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Дүбірлі додада өңірдің 21 ақыны Ақбалыш Жалғасованың еңбек жолы мен тағылымды өмірін жырға қосып, Қармақшы өлкесінің тарихы мен қасиетін тереңнен толғап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ақындардың өнерін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Берік Саймағамбетов, республикалық «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы саралады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қармақшы ауданынан Орынбасаров Ердәулет пен Қызылорда қаласынан Төлеубай Нұргүл иеленсе, екінші орын Жалағаш ауданынан Сәния Жақып пен Қармақшы ауданынан Тәңірбергенова Мөлдірге бұйырды. Бірінші орынды Жалағаш ауданынан Әдіс Шерхан жеңіп алса, жыр додасының бас жүлдесін Қармақшы ауданынан Санақұл Бексұлтан иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

06 наурыз 2025 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930