» » » «Ұстаз – Ана» атты дәстүрлі облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

«Ұстаз – Ана» атты дәстүрлі облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Бүгін Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алу құрметіне орай ұйымдастырылып отырған «Ұстаз – Ана» атты дәстүрлі облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Дүбірлі додаға аймағымыздан 18 жазба ақын қатысып, бақтарын сынады.
Жыр додасын аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Адырна ауыз, жебе тілді жүйріктер қатар шауып Ақбалыш Жалғасованың өмір жолын атқарған абыройлы да өнегелі істерін өлеңмен өрнектеп, Қармақшы елі туралы тереңнен деректер айтылды. Ауыздығымен алысқан асау аттай өлеңімен жиылған жұрттың делебесін қоздырып, қолпаштай соққан қошеметіне қарық болды. Төл өнердің қаймағын бұзбай, қалың көрерменге тарту еткен аймақтың жүйрік ақындары Қармақшылықтарға шадыман шаттық, ерекше рух сыйлады.
Жыр мүшайрасына жыршы, «Қ.Р мәдениет қайраткері» Саймағамбетов Берік, ақын, «Қазақстан Журналистер Одағының» мүшесі, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы, қазылар алқасының мүшесі Райымбаева Сәрсенкүл Жаудатбекқызы, ақын, «Қазақстан Жазушылар Одағының» мүшесі, қазылар алқасының мүшесі Қуат Адис, ақын, «Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының» мүшесі, қазылар алқасының мүшесі Ғазиза Әбілдә өнерін сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Жәли Ақбота мен Қызылорда қаласының ақыны Балманова Ақерке өзара бөліссе, ІІ орынды Шиелі ауданынан Ержігіт Бекжан иеленді, арнайы жүлдені Сырдария ауданынан Ақтөре Ибрагимұлы мен Қызылорда қаласынан Санақұл Бексұлтан қанжығасына байлады.
Ақындардан оза шапқан Жаңақорған ауданының ақыны Сұлтанғали Дәулетке І орын бұйырып, жыр додасының бас жүлдесін Қармақшы ауданынан Мустахимов Диас иеленді.
Сондай-ақ, айтыстың барлық қатысушылары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
05 наурыз 2024 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930