Топ-баннер
Топ-баннер2
» » » “ГҮЛДЕЙ НӘЗІК, БОЛАТТАЙ БЕРІК” ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“ГҮЛДЕЙ НӘЗІК, БОЛАТТАЙ БЕРІК” ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Бүгін “Гүлдей нәзік, болаттай берік” фестивалі мәресіне жетті.
Тұңғыш рет өткізілген шара аймақтағы жұмысшы қыз-келіншектердің кәсібилігін көпшілікке танытуды мақсат етеді.
Қарапайым еңбек адамдарының адал еңбегі мен жетістігін дәріптеген шара шежірелі Шиелі ауданынан бастау алып, Сырдария ауданында түйінделді. Әр ауданнан алуан түрлі мамандық иелері қатысып, 12 қатысушы үздік деп танылды. Қорытынды іс-шарада сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова ару-аналарды мерейлі мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдірді. Жүзден жүйрік шыққан үздік 12 қатысушыға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың атынан Алғыс хат табысталды. Шырайлы шарада Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев пен үш дүркін “Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязов келген көпшілікке әйел затының қоғамдағы рөлі турасында есті әңгімелерін арнады. Фестиваль жыл сайын дәстүрлі сипатта жалғасатын болады.

04 наурыз 2025 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031