Мәслихаттар сайлауы
» » » Сексеннен астам мәдени шара өткізіледі

Сексеннен астам мәдени шара өткізіледі


Облыста Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына және қоғамдық - саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Оның ішіне 81 мәдени шара енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова баяндады.

- Биыл іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы және «Байқоңыр: Тәуелсіздік тартуы» тақырыбында Байқоңыр қаласында облыстың өнер күндері, «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалі, «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты халықаралық суретшілер симпозиумы, сондай-ақ, «Қорқыттан қалған қоңыр үн» республикалық қобызшылар конкурсы, Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған республикалық жыршы-жыраулар байқауын өткіземіз. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты халықаралық әншілер конкурсы мен композиторды еске алу шаралары ұйымдастырылатын болады, - деді Мира Рахымжанқызы.

Айта кетсек, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов барлық ауданда кездесу кештерін өткізеді.
12 қаңтар 2021 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 463

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30