» » Жұмысшы арулар фестивалі өтті

Жұмысшы арулар фестивалі өтті

Ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «Гүлдей нәзік, болаттай берік» атты жұмысшы арулардың облыстық фестивалінің аудандық кезеңі өтті. Шараға «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райкүл Байназарова мен «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова арнайы қатысты.

Алдымен, келген қонақтар «Руханият» орталығында орналасқан музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер, әйел-аналар, жастар орталықтарын аралап, мұнда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қармақшы ауданының оркестрі мен Әжелер ансамблі келген қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алып, музыкамен әсерлі атмосфера сыйлады.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы да қатысып, ауданда әйел-аналарды қолдау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларды атап өтті.

Фестиваль үш кезең бойынша ұйымдастырылып, жұмысшы қыз-келіншектердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттері сыналды. Қатысушылар өз өнерлері мен еңбек жолындағы жетістіктерімен көрермендерді тәнті етті.

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жұмысшы мамандықтарын меңгерген нәзік жандылардың еңбегін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл фестивальдің қорытынды кеші наурыз айында Қызылорда қаласында өтеді.

25 ақпан 2025 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031