» » АРДАГЕРЛЕР ЖЫЛ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЖЫЛ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Осы аптада аудандағы «Руханият» орталығында аудандық ардагерлер кеңесі өткен жылға қорытынды жасап, алқа жиынын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысты.
Алдымен аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері мен кент, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары «Руханият» орталығындағы музей, аналар үйі, жастар орталығы, кітапхана, архив, неке қию залының жұмысымен танысты. Одан кейін ғимараттың мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін алғысын білдіріп, елде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков өткен жылы атқарған жұмысына есеп берді.
Ауданда 5212 зейнеткер болса, оның 4400-і бастауыш ардагерлер ұйымына тіркелген. Бүгінде ардагерлермен тығыз байланыста жұмыс жасалып, түрлі іс-шараға қатыстыруда.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымы – Үкімет пен халықтың арасын бай- ланыстыратын звенолардың бірі» деп айтқан-ды. Осы тұста аға буын өкілдері Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, халық бірлігін, қоғам тұтастығын түсіндіру мен насихаттау жұмыстарына белсене араласып жүр. Түйткілді мәселелерді шешуде зор үлес қосып отырған ардагерлер ұйымының азаматтық қоғам секторында алатын орны ерекше. Аудандық ардагерлер кеңесі облыстық ардагерлер кеңесімен әрқашан тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Облыста өткізілген мәдени көпшілік спорттық шаралардан шет қалмай, аудан намысын қорғап жүлделі орындардан көрініп келеміз. Ардагерлер арасында 80, 90, 100 жасқа толғандардың үйіне барып құрмет көрсету дағдыға айналған. Сондай-ақ қайырымдылық істе тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруді де ұйымдастырып келеміз. Бала біздің болашағымыз дейтін болсақ, жастарға ақыл айтып, жөн сілтеуде мектеп ұйымдарымен тығыз байланыста болып кездесулер өткіздік. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға аудан прокурорымен меморандумға отырып, ішкі істер органдарымен етене араласып жұмыстар атқардық, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
«Іскерлік және жанашырлық» акциясы аясында ардагерлер кеңесі әлеуметтік аз қамтылған ардагерлерге көмек көрсету бағытында 7 ұжыммен келісім-шартқа отырып, олар тоғыз айда 260 отбасыға қомақты қаржы көлемінде көмек қолын созған. Басқосуда ардагерлер кеңесі биылғы жылдың да жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлер айтылып, өзара талқыланды. Мәселен, ысырапқа жол бермеу, қайтқан үйде отбасыға әкелетін ауыр шығындарды, яғни өлік жөнелту кезіндегі қонақ асы, шапан тарату сияқты ретсіз шығындарға аудан көлемінде тыйым салуды әлі де насихаттау керек екенін тілге тиек етті. Ардагерлер мәжілістен кейін аудан орталығындағы салынған құрылыс нысандарын аралады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
18 қаңтар 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031