» » Ардагерлер алқасы

Ардагерлер алқасы

Достық үйінде облыстық ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген кезекті Алқа отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов, Шиелі, Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, облыстық ардагерлер Кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссиялардың төрағалары, ардагерлер қозғалысының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосуда Ш.Байманов мемлекеттік орган өкілдері тарапынан ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетілетінін айта келіп, Алқа жиынының жұмысына сәттілік тіледі. Мәжіліс модераторы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев ардагерлер ұйымдарының жұмысын үйлестіру, жүйелік құрылымдарын жетілдірумен олардың белсенділігін арттыру талаптары бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында облыстың ардагерлер ұйымдарындағы кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті. Атап айтқанда, Алқа мүшесі Уәйіс Ержан Дүниежүзі қазақтары құрылтайының Түркиядағы өкілі болып қызмет ауыстырып, қоныс аударуына байланысты Алқа мүшелігінен босатылып, ол орынға аймағымызға белгілі азамат Бақыт Нұртазаевтың кандидатурасын Пленумға бекітуге ұсынылды.
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасының өмірден өтуіне байланысты, Байқоңыр қаласының ардагерлері кеңесінің орынбасары болған Амангелді Ирюковтың кандидатурасын байқоңырлық ардагерлермен ұсынылғанын және Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының денсаулық жағдайымен қызметінен босатылуына орай, аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс Пленумында аудандық кеңестің орынбасары болған Асқар Мерековтың кандидатурасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына бекітілгенін хабардар етті. Жаңадан бекітілуге ұсынылған облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссиялар жетекшілерімен таныс-
тырып өтті.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген Алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
12 шілде 2022 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930