» » » ЖҰМЫСШЫ АРУЛАР ФЕСТИВАЛІ

ЖҰМЫСШЫ АРУЛАР ФЕСТИВАЛІ

«Әйел қырық жанды» дейді халқымыз. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен арулар қашанда сан саланың тізгінін қиюластырып жүреді. Жұмысына адалдық танытып, шаңыраққа шаттық орнатып жүрген әйеланалар жақында аудандық «Руханият» орталығында бас қосты. Басты себеп – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «Гүлдей нәзік, болаттай берік» атты жұмысшы арулардың фестивалі.
Еңбек адамының мәртебесін арттыруға көзделген ісшараға «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райкүл Байназарова мен Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова арнайы қатысты.
Келген қонақтар бірінші кезекте «Руханият» орталығында орналасқан музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер, әйел-аналар, жастар орталықтарын аралап, мұндағы жұмыстармен танысты. Қармақшы ауданының оркестрі мен Әжелер ансамблі келген қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алып, әуезді әнмен әсерлі атмосфера сыйлады.
Жұмысшы аруларды насихаттауға арналған жиынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы да қатысып, ауданда әйел-аналарды қолдау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларды тілге тиек етті.
Әртүрлі саладағы 12 нәзікжанды өздерінің кәсіпқойлығын, жан-жақтығын, өнерін ортаға салып еңбек жолындағы жетістіктерімен көрермендерді тәнті етті. Фестиваль үш кезең бойынша ұйымдастырылып, жұмысшы қыз-келіншектердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттері сыналды.
Қармақшылық жұмысшы арулар өнерден кенде емес. Оларды өнер сайысында жақынырақ тани түстік. Мұнда бірі ұршық иірсе, енді бірі ән шырқады, қолөнерін қоса таныстырып, көрермен қошеметіне бөленді. Қарапайым қызметте жүрсе де, бойындағы қабілетін, ерекше дарынын жоғалтпай жүрген жұмысшы аруларға тәнті болдық.
Жұмысшы мамандықтарын меңгерген нәзікжандылардың еңбегін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл фестивальдің Қызылорда қаласында өтетін қорытынды кешіне аудандық емхананың кіші аяжаны Гауһар Рахимова мен ІІІ Интернационал ауылының қызметкері Сания Дямуршаева жолдама алды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
03 наурыз 2025 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31